Кәсіпкерді алдап шақырып, өлтірген. Күдікті Әзербайжаннан экстрадицияланды

817
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/policziya-kөligi.jpg

Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері, Әзербайжандағы Қазақстан Елшілігінің көмегімен кісі өлтіру мен қарақшылық үшін халықаралық іздеуде болған қазақстандықты экстрадициялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бақылаушы органның хабарлауынша, өткен жылдың қазан айында күдікті өз сыбайласымен бірге таныс кәсіпкерді кездесу сылтауымен алдап шақырып, оны есінен танғанша соққыға жыққан.

Олар жәбірленушінің жалпы құны шамамен 40 миллион теңге тұратын мүлкін иемденіп, кейін оны Алматы қаласынан тыс жерге шығарып, өлтіріп кеткен.

«Күдіктілердің бірі оқиға орнында ұсталды, ал екіншісі бой тасалап, халықаралық іздеу жарияланды. Биылғы жылдың қаңтар айында күдікті Әзербайжан аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.

Аталған қылмыстар үшін 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.

Пікірлер