Даун синдромы бар балалар басты рөлде ойнаған фильм кинотеатрлардан көрсетілді

2454
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/m3YHt5QhrXR4APBcn2X9RhSgYA8J9rBU7rQKPk7C.jpg

Елімізде Даун синдромы бар балалардың қатысуымен түсірілген «Ерекше дәрігер» фильмі кинотеатрлардан көрсетілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Алғашқы мистикалық детективтің режиссері София Витвердің айтуынша, туындының мақсаты – көрермендерді ерекше балалармен боямасыз түрде таныстыру.

«Қоғамда бұл тақырып әлі күнге дейін жабық, тіпті тыйым салынғандай болып көрінеді. Ерекше балаларды әрқайсысы — бірегей тұлғалар. Оларды қоғамның аластатудың қажеті жоқ. Біз туындыда осы идеяны түсіндіргіміз келді. Бұл балалар қарапайым адамдарға да көп нәрсе үйрете алады», – деді режиссер.

Картинада Азиз Бейшеналиев, Галина Табала, Азат Сейітметов, Алексей Шемес, Шыңғыс Капин, Ольга Ландина, Лаура Еркебұлан, Карина Сұлтан, Орынбасар Тазабеков, Татьяна Тарская және ерекше балалар – Марта Перминова, Анна Гладченко, Арлан Әділман, Дамир Садықов, Кириана Станишевская ойнаған. Картинада ерекше күтімді қажет ететін балалардың шын мәнінде қандай қабілеті бар және нендей нәтиже көрсете алатыны суреттелген. Түсірілім Алматы мен қала шетінде өткен.

Пікірлер