Бүгін, 17 шілдеде Қазақстан қор биржасында доллардың орташа сараланған бағамы 532,74 теңге болды. Ол бір тәулік ішінде 6,05 теңгеге өсті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ал рубльдің орташа сараланған бағамы 6,81 теңгеге (+0,06) дейін көтерілді.
Ақша айырбастау орындарында доллар 532,9-535,5 теңге, еуро 614,5-619,5 теңге, рубль 6,69-6,81 теңге аралығында сатылуда.
Еске салайық, екі күн бұрын Астанада өткен брифингте премьер-министр Олжас Бектенов теңге бағамына көңілі толатынын жеткізіп, девальвация қаупі жоқ екенін атап өткен еді.
Ұқсас жаңалықтар