Доллар бағамы теңгеге қатысты төмендеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы, қазақстандық KASE қор биржасының мәліметтеріне сілтеме жасап.
Таңертеңгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа алынған бағамы 2,47 теңгеге төмендеп, 431,11 теңгені құрады. 14 сәуірдегі жағдай бойынша доллардың ресми бағамы 433,55 теңгені құрайды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатудың орташа бағамы 431,95 теңгені, сатып алу - 430,40 теңгені құрайды.
Нұр-Сұлтанның айырбастау пункттерінде американдық валюта орташа есеппен 431,59 теңгеден сатылып, 430,35 теңгеден сатып алынуда.
"Адырна" ұлттық порталы