Қазақстандық кәсіпкер халықаралық байқауда топ жарды

1606
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7diHRuuyAx5YVt6DiMzLWLkz0MAde4tfUUOgUEhZ.jpg

Санжар Тайжан негізін қалаған батареялық стартап Лондонда өткен «Move 2025» халықаралық конференциясында үздік деп танылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Санжар Тайжанның жобасы 200-ден астам стартаптың ішінен озып шығып, «2025 жылдың стартапы» атағына ие болды.

«Move» конференциясы – көлік және болашақ мобилділік технологияларына арналған әлемдегі ең ірі форумдардың бірі.

Биылғы шараға 5 000-нан астам қатысушы жиналып, Mercedes-Benz, BMW, Hyundai сынды алпауыт компаниялардың бас директорлары мен сала сарапшылары қатысты.

Жеңімпаз ретінде Санжар Тайжан LG корпорациясының бас директоры қатысқан арнайы түскі асқа шақырылды.

"Менің батарея стартабым Лондонда өткен әлемдегі ең ірі автоөнеркәсіп “MOVE” аталатын конференциясында 200 стартаптың ішінен «2025 ЖЫЛДЫҢ СТАРТАПЫ» деп атанды! Бұл іс-шараға 5 000 қатысушы қатысты — арасында Mercedes-Benz, BMW, Hyundai басшылары бар. PS. LG бас директорымен бірге жеңіс түскі асына ризамын", - деп жазды ол желідегі парақшасында.

Пікірлер