Әзербайжан Иран елшісінің мәлімдемесін жоққа шығарды

1191
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/FLZMJ4dAJjt5N3Jz52YcvmnwWhsCn8q8pMRRsVsr.jpg

Әзербайжан сыртқы істер министрлігі Иранның Армениядағы елшісі Мехди Собханидың Әзербайжан аумағы Иранға қарсы қолданылып жатыр деген мәлімдемесін қатаң түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы министрліктің баспасөз хатшысы Айхан Гаджизаде мәлімдеді.

Оның айтуынша, елші тарапынан айтылған “израильдік дрондардың Әзербайжан жерінен Иранға шабуыл жасағаны” туралы айыптаулар екі ел арасындағы өзара құрметке негізделген қарым-қатынасқа нұқсан келтіреді.

“Жақында Әзербайжан президенті мен Иран Президентінің, сондай-ақ сыртқы істер министрлерінің телефон арқылы сөйлесуі барысында бұл мәселелер тиісті деңгейде түсіндірілген болатын. Алайда, елшінің мұндай мәлімдемесі арандатушылық сипатқа ие”, – деді Гаджизаде.

Баку ресми түрде Әзербайжан аумағының немесе әуе кеңістігінің үшінші мемлекет тарапынан Иранға қарсы әскери мақсатта қолданылғаны туралы мәлімдемелерді дәлелсіз және негізсіз деп атап өтті.

СІМ өкілі Иран тарапынан екі ел арасындағы достық қарым-қатынасқа сәйкес келмейтін мұндай әрекеттерге жол бермеуді, сондай-ақ үнемі проармяндық көзқарас білдіретін елшіге қатысты тиісті шаралар қабылдауды күтетінін айтты.

Пікірлер