Қазақстандық актер Санұржан Сүлеймен АҚШ-та өртеніп жатқан көліктен бір адамды құтқарып алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Оқыс оқиға Лос-Анджелес қаласының маңында болған. Куәгер Айдана Сахаридің айтуынша, көлік жардан шығып кетіп, өртеніп кеткен. Бұл жағдайды көрген Санұржан жанып жатқан көлікке жүгіріп барып, зардап шеккен ер адамды сыртқа алып шыққан.
Құтқару қызметтері біраз уақыттан кейін оқиға орнына келіп жетіп, зардап шеккен жүргізушіге алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
«Есте қалар күн болды. Бәрі жақсы. Жарақат алған жоқпын. Өмірімізге жауапкершілік ала біліп, бір-бірімізге қамқор болайықшы», - деп жазды актер әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Санұржан Сүлеймен 1998 жылдың 9 сәуірінде Алматы қаласында дүниеге келген. Көпшілікке «Аңшы бала», «Районы», «Шестой пост», «Время патриотов» сияқты жобалар арқылы танылды.
«Ресейді тыйым салынған технологиямен қамтамасыз етеді». АҚШ қырғыз компанияларына қарсы санкция салуы мүмкін