АҚШ соққысынан кейін. Иран Израильге зымыранмен жауап берді

1272
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hEIXnIzTwKD8uQ5fHhWB7xBe6vRw0PeR31VldVZx.webp

АҚШ Иранның ең ірі ядролық инфрақұрылымына әуе шабуыл жасағаннан кейін Иран Израильге зымыран атқылай бастады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бұл шабуылды Израиль қорғаныс армиясы растады. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Израильге қарай 25–35 баллистикалық зымыран жіберілген. Зымыран сынықтары түскен аймақтарда өрт шығып, бірнеше адам жарақат алды.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бұл жағдайға байланысты мәлімдеме жасап, АҚШ-тың әрекетін «қауіпті эскалация» деп атап, жағдайдың ушығып кетуі мүмкін екенін ескертті.

«Осындай қауіпті сәтте хаос спираліне түсіп кетуден барынша аулақ болу маңызды. Бұл мәселенің әскери шешімі жоқ. Алға апарар жалғыз жол – дипломатия», – деді Гутерриш.

Reuters агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, Иранның ұлттық атом агенттігі «Елдің өндірістік даму процесін» ешкім тоқтата алмайды деп мәлімдеп, АҚШ-тың әрекетін халықаралық құқық пен ядролық қаруды таратпау туралы шартты бұзу деп бағалады. Сондай-ақ, Халықаралық атом энергиясы агенттігін үнсіздігі үшін айыптады.

Хуситтер қозғалысы да Иранға қолдау білдірді. Қозғалыстың Саяси бюросының мүшесі Мұхаммед әл-Бухейти «Аль-Джазира» телеарнасына берген сұхбатында:

«АҚШ-қа жауап беру – уақыт мәселесі. Иран бізден көмек сұрамады, бірақ біз күтпей-ақ қолдау көрсетеміз», – деді.

Айта кетейік, 22 маусымда АҚШ Ирандағы үш ядролық нысан — Фордо, Натанз және Исфаханға әуе соққысын жасады.

Пікірлер