"Ганга пайда болды". Қазақстандықтар Сайран көлінің тазалығына алаңдаушылық танытты

965
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sgfBbbHqVOQIQQpiuoNEnK4imVXkBelga46EXPQt.png

TikTok-та Сайранда жаңадан ашылған жағалаудың тазалығы жұрттың ашуына тиді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

@damushy.qazaq Сайран көлінің жағалауындағы тазалық мәселесін көтеріп, жеке үлгісімен қоқыс жинап, қоғам назарын аудартты. 

"Біреу көмектесіп қалар деген оймен екі жұп қолғап алған едім. Бірақ, өкінішке орай, екінші жұп қажетсіз қалды. Тек бір қытайлық жігіт “thank you” деді, өзгелер жымиып қараған да жоқ", – деді ол.

Желі қолданушылары жағалаудағы көріністерге байланысты әртүрлі пікір білдіріп, кейбірі "бұл тәртіпсіздік жергілікті тұрғындарға тән емес" десе, басқалары "қалаға бей-жай қарау – мәдениетсіздік" деп баға берді.

"100% алматылықтар емес", "Біздің өз Гангамыз пайда болды", "Сайранға түспегендер, қаншаумыз?", "Сайранның суында қатерлі вирус бар ғой", "Бүкіл Арбат Сайранға көшіпті ғой", "Мынау сұмдық екен", "Бұл не масқара?" деген сынды пікірлер жазылды.

Пікірлер