Талдықорғанда «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында 137 пәтерлік тұрғын үй қолданысқа өтпек

1230
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласындағы «Отбасы банкнің» Алматы облыстық филиалы БАҚ өкілдерінің қатысуымен арнайы пресс-тур өткізді. Онда Жетісудың кіндік қаласында бой көтеріп жатқан көпқабатты үйлердің құрылысымен таныстырды. Айта кетейік, ірге тасы қаланған бұл үйлер «Отбасы банк» арқылы қарашаға үлестірілетін болады.

«Отбасы банктың» көмегі арқылы алуға болатын тұрғын үйлердің бірі, қаладағы ең әсем аудан — «Қаратал» ықшам ауданында орналасқан. 48 пәтерлік 6 қабатты үйді “Real stroy” ЖШС салуда.

Сонымен қатар «Жетісу Жилстрой» ЖШС-де шаһардағы 9 –шы және «Самал» ықшам аудандарында жалпы саны 128 пәстердің құрылысын жүргізуде. Аталған көпқабатты тұрғын үйлер монолит және теплоблок материалдарынан салынуда.

Бүгінгі күні, 78 пәтерлі қос үй бой көтеріп жатыр. Жауаптылар, 2023 жылы толықтай қолданысқа өтеді деп сендіруде. Естеріңзге саламыз, тұрғын үйге құрлыс компанияларынан пәтерді қолма-қол ақшаға сатып алу немесе несие рәсемдеу арқылы қол жеткізуге болады.

Пана болар баспанаға иемденудің бірден-бір ыңғайлы жолы-мемлекеттік бағдарлаламар. «Отбасы банк» аталмыш бағдарламалар шеңберінде өңір халқының үйлі болуына бар мүмкіндікті қарастырған. Мәселен, қазіргі таңда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 8 ықшам ауданда 137 пәтерлік тұрғын үй қолданысқа беруге сақадай сай тұр. Сондай-ақ тағы да 10 үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның екеуі келер жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ел игілігіне береледі деп күтілуде.

«Биыл «Отбасы банкінің» құрылғанына – 19 жыл. Осы уақыт аралығында Алматы облыстық филиалы ондаған бағдарламаларды жүзеге асырып, нәтижесінде жүздеген мың адам «Отбасы Банкінің» арқасында қоныс тойын тойлады. Тек өткен жылы ғана біздің филиал 3678 адамға қарыз берген, осы жылдың 6 айында бұл көрсеткіш 1501 — ді құрайды», — деп бөлісті «Отбасы банк» АҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Жасұлан Құрманғалиев.

Банкте «Әскери баспана», «Бақытты отбасы», «Шаңырақ», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары бойынша несие рәсімдеп, баспаналы болуға мүмкіндік бар. Өткен жылы «Әскери баспана» арқылы 151 адам несие алса, биыл бұл көрсеткіш 22-і көрсетіп тұр. Ал «Шаңырақ» арқылы 2021 жылы 1008, «Бақытты отбасы» аясында 427 адам баспаналы болған.

Базыланы елдің басты мәселесі-баспана . Бүгінде қаншама адам пәтер жалдап күнелтуде. Осы тұста, елдегі тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін іске асыратын жалғыз «Отбасы банк» арқылы тұрғын үйге қол жеткізуге болатынын еске саламыз, мүмкіндікті жіберіп, қапы қалып қалмаңыз.

Пікірлер