Алматыда 7-қабаттан құлаған сәбиді студент құтқарып қалды (ВИДЕО)

3216
Adyrna.kz Telegram

Алматыда 19 жастағы студент 7-қабаттан құлап бара жатқан екі жасар баланы аман алып қалды, - деп хабарлайды"Адырна" тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

21 шілдеде Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне 67 жастағы Ермекбай Тамабаев жүгінген. Ер адам немересімен серуендеу кезінде «Алтынбұлақ» тұрғын үй кешенінің 7-ші қабатынан құлап кете жаздаған баланы құтқару оқиғасының куәсі болды.

Куәгердің айтуынша, 7-қабат деңгейінде бала түтінсіз өрт баспалдағының қоршауына кептеліп қалған.

«Басы тордың арасына кептеліп қалған, ал денесі мен қолдары ауада салбырап тұрған, ол кіреберістің парапетіне құлап кетуі мүмкін еді», - деді ол.

Ермекбай Тамабаев кіре берісте тұрған жастарды көмекке шақыра бастады.

"Бір жас жігіт менің өтінішіме бірден жауап беріп, көмекке ұмтылды. Дәл соңғы минуттарда ол бар күшімен темір тордан ұстап тұрған кішкентай баланы ұстап алып, содан соң жанын шүберекке түйген анасына тапсырды", - деді Ермекбай ата.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)

 

Пікірлер