Нұр-Сұлтанда «стелс-омикрон» штамын жұқтыру жағдайы жиіледі

2925
Adyrna.kz Telegram

Ол «дельтаға» қарағанда әлдеқайда жұқпалы. Бұл туралы елорданың бас санитар дәрігер Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Ресми мәліметке сәйкес, соңғы екі аптада вирусты жұқтыру көрсеткіші 9,5 есеге артқан. Қаладағы стационалар 41%-ға толып кеткен.

«Елорда «сары» аймаққа жақындап келеді. Айта кету керек, «сары» аймаққа көшу кезінде инфекция көзін оқшаулауға бағытталған шаралар қабылданады. Баршаңызды адам көп жиналатын орындарға бармауға шақырамын. Вирус әлі қайтар емес, керісінше қайта өршуде»,- деді Сархат Бейсенова.

Пікірлер