Дариға Назарбаеваға тиесілі «Караван» газеті жабылды

3344
Adyrna.kz Telegram
Фото: Caravan.kz
Фото: Caravan.kz

«Караван» газеті 1 қыркүйектен бастап баспа нұсқасында шығуын тоқтатады. Газеттің сайты бұрынғыдай жұмысын жалғастыра бермек. Бұл туралы газеттің бас редакторы Игорь Шахнович журналдың баспа нұсқасының тоқтатылғанын растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Газет рентабельді емес. Сайт қандай режимде жұмыс істесе, сол режимде жұмыс істейтін болады. Біз оны дамытуымыз мүмкін. Бірақ менсіз, мен кетемін. Сайтты Леонид Юрьев (бас редактор) басқарады, ол басшы болып қала береді”, – деді Шахнович.

«Караван» — 1991 жылы журналист әрі кәсіпкер Борис Гиллер ашқан Қазақстандағы алғашқы апталық коммерциялық газет. Қазіргі уақытта құрылтайшысы – жеке Нұрсұлтан Назарбаев қоры құрған «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС. Қордың директоры Дариға Назарбаева.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер