Қазақстанды Украинадағы соғыспен қорқытқан ресейлік журналист Тигран Кеосаянның YouTube-тағы авторлық каналы бұғатталды. Бұл туралы ол Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Болды. Менің ютуб-тағы авторлық «Кеосаян daily» атты каналым бұғатталды. Таңқалған жоқпын», - деп жазды ол Telegram-каналында.
Айта кетейік, сәуірде Кеосаян YouTube арнасында видео жариялап, қазақстандықтар «Украинаға қарасын» деген мағынада мәлімдеме жасаған еді.Кейін оның Қазақстанда террористермен бірге бір тізімге енгізілгені белгілі болды.
”Адырна” ұлттық порталы