Қамаудағы Қайрат Боранбаевқа тиесілі McDonald's желілері өз жұмысын тоқтатты

3081
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандағы McDonald's жылдам тамақтану мейрамханалары техникалық себептер бойынша клиенттерге қызмет көрсетуді тоқтатты. Бұл туралы сейсенбіде компанияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"McDonald's мейрамханалары техникалық себептер бойынша уақытша жұмыс істемейтінін хабарлаймыз. Біздің жаңалықтарымызды қадағалаңыздар, мейрамханалар өз жұмысын қашан қайта бастайтынын міндетті түрде хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер