Алматыда медицина университетінің студенті өз-өзіне қол салды

2195
Adyrna.kz Telegram
Фото: exk.kz
Фото: exk.kz

Алматыдағы Қазақстан-Ресей медицина университетінің жалпы медицина факультетінің 5-курс студенті өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Orda.kz"-ке сілтеме жасап.

Студент ақылы бөлімде оқыған. Ол емтиханда төмен бал алып қалған. Басқа студенттер оның орта есеппен 57 бал жинағанын айтты.

Университет ақпаратты растады. Бірақ тергеу құпиясын алға тартып, қайғылы оқиғаның мән-жайымен бөлісуден бас тартты. Полицейлер әзірге ешқандай ақпарат ұсынбады.

Еске салсақ, маусым айының ортасында Ақтөбе облысында болашақ дәрігерлерді мемлекеттік сараптамадан өткізу төңірегінде жанжал шыққан болатын. Медицина факультетінің студенттері тест нәтижелеріне наразылық білдірген.

400 интерн шекті балдан сәл жоғары бал жинаған. Студенттер өз білімдеріне сенімді. Бірақ төмен бағаға байланысты олардың ешқайсысы резидентураға түсе алмады.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер