Ақмола облысы Атбасар ауданы аумағындағы Жабай өзенінің бөгетінен бөлшектелген адам денесі табылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Облыстық полиция департаменті адам өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын басталғанын мәлімдеді.
Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.