Дикий Арманға қатысты тың деректер жарияланды

3499
Adyrna.kz Telegram

Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаев «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке қатысты тергеу материалдарын жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қылмыстық ортада Арман Жұмагелдиев пен оның сыбайластары ерекше рөл атқарды. Олар 6 қаңтар күні Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйіне келген қылмыскерлерге «Glock» жəне «Макаров» маркалы тапаншаларды таратқан, әрі нұсқау беріп отырған. Сыбайластарын 10 топқа бөліп, жоспарланған қылмыстардағы рөлдерін анықтады. Сондай-ақ қарулы қылмыскерлер тобы шаһардың əртүрлі нүктелерінен 24 азаматты ұрлап, оларды ұрып-соққан. Кейін «Ritz Carlton» жəне «Қазақстан» қонақ үйлерінің паркингтерінде ұстағандары белгілі болды. Осы қылмыстарды жасағаны үшін 40 күдікті қамауға алынды»,– деді ол.

Пікірлер