Қазақтарға орыс тілінсіз қиын болады - Тоқаев

4283
Adyrna.kz Telegram

Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында еліміздегі орыс тілінің позициясы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақстанда орыс тілінің позициясы қандай да бір нашарлауға ұшыраған жоқ. Оған сенімдімін. Сабақ орыс тілінде өтетін мектептердің санына қатысты айтар болсам, олар бұрынғы көлемде қалды. Географиялық жағынан қазақтарға орыс тілінсіз өте қиын болатынын түсінеміз. Мен бұған дейін Ресеймен ең ұзын шекара бізде екенін айттым. Біз Құдай қосқан көршіміз. Қазақтар орыс тілін жақсы меңгеруі керек. Десе, өз ана тілін де білуі тиіс»,– деді ол.

Пікірлер