Қаңтар оқиғасы кезінде елден кетуге ұсыныс жасағандар болды – Тоқаев

2656
Adyrna.kz Telegram

Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде кейбіреулердің ұшаққа немесе тікұшаққа мініп, Қазақстаннан кетуді ұсынғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол «Россия 24» телеарнасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Барлық төңкерістің мақсаты – билікке басқа адамдарды әкелу. Мен ол күндері осында, президент резиденциясының ғимаратында болдым, ешқайда кеткен жоқпын. Тіпті түнеп шықтым. Мен басынан-ақ елордадан кетпейтінімді айтқанмын. Елден кетуге ұсыныс тастағандар болды. Алайда осы жерде аяғына дейін қалуға міндетті екенімді білдім»,– деді Президент.

Айта кетейік, мемлекет басшысының сұхбаты бүгін ресейлік телеарнаның эфирінде көрсетіледі.

Пікірлер