Талғар қаласының әкімін сайлауда «АМАНАТ» партиясынан үміткер Бақыт Күрішбеков жеңіске жетті. Сайлау қорытындысын округтік сайлау комиссиясының төрағасы Мұхит Дюсебаев жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ресми мәлімет бойынша, 41 995 сайлаушының 9 983-і, яғни жалпы сайлаушылардың 23,77 пайызы дауыс берген.
Бақыт Күрішбековке 4763 адам дауыс берді, бұл сайлаушылардың 47,71 пайызы. Оның бәсекелестері:
- Сапарбек Назарбаев 769 дауыс жинады, бұл 7,7%;
- Бақытжан Ақботаев – 2359, бұл 23,63%;
- Нұрбек Дәулетбақов – 1781, яғни жалпы дауыс санының 17,84%.
Олардың барлығына 218 адам қарсы дауыс берді, 93 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Бақыт Күрішбеков Талғар қаласында дүниеге келген. Ол 32 жаста. Мамандығы бойынша – экономист.
Сайлауға дейін «АМАНАТ» партиясы Талғар аудандық филиалының жауапты хатшысы қызметін атқарған.
”Адырна” ұлттық порталы