Алматы мен Ұлытау облысының әкімі тағайындалды

2461
Adyrna.kz Telegram
Фото: коллаж
Фото: коллаж

Бүгін Президент Жарлығымен Алматы және Ұлытау облыстарының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Ақорда" сайтына сілтеме жасап.

Қос Жарлықта "Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалсын. Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", — делінген.

Ал Алматы облысының әкімі болған Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Алматы облысының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер