«Қант жоқ»: «Рахат» фабрикасы жұмысын тоқтатты

3258
Adyrna.kz Telegram
Фото: Forbes.kz
Фото: Forbes.kz

Шымкенттегі “Рахат” зауыты шілде айына дейін жұмыс істемейді. Бұл туралы Forbes.kz сайтына берген сұхбатында Lotte Rakhat фабрикасының басқарма төрағасы Константин Федорец айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазір фабрика кәмпиттік карамель шығармайды, оның ішінде "Барбарис" те бар.

«Қазір бізде Барбарис карамелі мен Ирис өндірілмейді. Дегенмен бұл өнімдерге сұраныс жоғары, бірақ олар қантты көп қажет етеді. Сондықтан біз қант мөлшері жоғары барлық тағамдарды алып тастадық, өйткені қант жоқ. Соның кесірінен Шымкенттегі фабрикамыз да тоқтап тұр. Әзірге оның жұмысын шілдеге дейін тоқтаттық. Қант шілде айында жеткізіледі деп күтілуде, жұмысты жалғастырамыз»,- деді Алматыда фабриканың 80 жылдығына орай өткен баспасөз мәслихатында «Лотте Рахат» фабрикасының басқарма төрағасы Константин Федорец.

Шымкенттегі зауыт шілде айына дейін жұмыс істемейді. Қанттың жеткізілуін күтуде. Федорец компания қантты тек Қазақстан Республикасында сатып алуға қуанышты болатынын, алайда жергілікті өндірушілер нарықтың 30 пайызын ғана қамтып отырғанын атап өтті.

"Олардың сапа жағынан әлі де жұмыс істеуі керек", – деді Lotte Rahat басшысы.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер