Ресейлік әйел бес жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген

3044
Adyrna.kz Telegram
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Ресей азаматы бес жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген. Бұл туралы Polisia.kz. мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

1 маусымда Өскеменде көші-қон қызметкерлері қос азаматтық алған әйелді анықтаған. 64 жастағы әйел 17 жылдан бері көрші ел азаматы бола тұра, Қазақстанда тұрып, 5 жыл бойы зейнетақы алып жүрген.

"Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін ҚР ӘҚБК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта қазақстандық құжаттар тәркіленіп, азаматтығынан айырылды және заңсыз алынған ақшаны қайтару мәселесі қарастырылып жатыр", - деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер