Ақтауда жұмысшы оқыс жағдайда қаза тапты

2530
Adyrna.kz Telegram
Фото: lada.kz
Фото: lada.kz

Ақтауда жұмысшы оқыс жағдайда қаза тапты. Бұл туралы  lada.kz. сайты жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

8 маусымда "КЖСА" МКК қызметкерлері 23-шағынаудандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ғимараты маңында жылу жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізген. Осы мекеме қызметкерлерінің біріне кірпіш қабырға құлап кеткен.

Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға орнына 17 құтқарушы барған. Олар ер адамды үйінді астынан шығарып, зардап шеккен адамды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының өкілі ер адам жансақтау бөлімінде қайтыс болғанын айтты.

1978 жылы туған марқұм "ҚЖСА" МКК қызметкері екені белгілі болды.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер