Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру туралы жарлық күшіне енді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Осы жарлық 2022 жылғы 8 маусымда күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс», - делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 4 мамырдағы жарлығында.
Еске салайық, 3 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жарлығымен Қапшағай қаласының атын Қонаев деп өзгертіп, 4 мамырда Жетісу облысын әкімшілік орталығы Талдықорған қаласымен бөліп, оны Алматы облысының облыс орталығы етіп жариялаған болатын. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы дәл осы Жарлығымен орталығы Семей қаласында орналасқан Абай ауданын Шығыс Қазақстан облысынан бөліп, сондай-ақ орталығы Жезқазған қаласында орналасқан Ұлытау өңірін Қарағанды облысынан бөлетін етіп құрды.
“Адырна” ұлттық порталы
"Көптеген қызмет әлі де қолжетімді емес". Президент бес жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан МӘМС жүйесін сынады