Өскеменде көпқабатты үйдің қабырғасы опырылып түсті. Оқиға тоғыз қабатты тұрғын үйде болған. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Оқиға Өскемен қаласында Гагарин бульварында болған.
"Подъездердің бірінде кіреберістегі кірпіш қалқасы өздігінен опырылған", – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.
Зардап шеккендер жоқ, тек үйдің жанында тұрған көлікке зақым келген.
“Адырна” ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
"Қазақтарға "нацист, фашиссіңдер" деген Динара кафесі әлі дөрекілік көрсетіп жатыр" - Бэлла Орынбетова
