БҚО-да жұмысшылар сайлау учаскелеріне трактормен келді

7011
Adyrna.kz Telegram

Референдум демалыс күні болғанымен, жексенбі күні де жұмыс істейтін кәсіп иелері бар. Бірақ Бәйтерек ауданының ауыл шаруашылығы және коммуналдық шаруашылығы қызметкерлері дауыс беруге уақыт тауып, түскі уақытта бүкіл ұжым сайлау учаскесіне келді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы сайлау учаскелерінің біріне ерекше делегация келді. Ауыл шаруашылығы және коммуналдық қызмет көрсету саласының қызметкерлері референдумға трактормен келіп, дауыс берді.

Қазір дала жұмыстарының маусымы қызып тұр. Дегенмен, барлық қиындықтарға қарамастан, адамдар азаматтық борышын өтеуге уақыт тапқан.

«Жұмыс – жұмыс, бірақ дауыс беру керек. Міне, біз әріптестерімізбен келдік. Тез дауыс беріп, жұмысқа кірісеміз. Мен үшін елдің болашағы, балаларымыз бен немерелеріміз маңызды. Біз олар үшін жұмыс істейміз», - деді тракторшы Анатолий Куреда.

Айта кетейік, жұмыс берушілер қызметкерлердің референдумда дауыс беруге деген ынтасын оң қабылдады. Сондықтан БҚО-дағы сайлау учаскелерінде тұтас еңбек ұжымдарын жиі кездестіруге болады.

Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер