Студенттер Конституцияға енгізілетін өзгерістерді талқылады

2674
Adyrna.kz Telegram

1 маусым күні Сулейман Демирель университетінде Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістерді түсіндіруге арналған жиналыс өтті. Студенттерге Конституцияның, референдумның маңыздылығы түсіндірілді. Кездесуге университетіміздің 200 белсенді студенті қатысты.

Соңғы кездері елімізде қарқынды өзгерістер орын алғаны баршамызға мәлім. Соның бірі Конституциямызға енгізіліп отырған өзгеріс болып табылады. Бұл - әрқайсымыздың болашағымызға әсері бар, маңызды шара. «Жаңа Қазақстанды» құрудағы басты өзгерістерден еліміздің әрбір азаматы мен азаматшасы хабардар болуы қажет. Конституция - елімізде заңдық күшке ие құжат. Бұл құжатта бекітілген әрбір заңның еліміз үшін және елімізде тұрып жатқан әрбір адам үшін маңызы зор. Шешілуі қиын небір дауларға нүкте қоя білген бабаларымыздың шешендігінің өзі терең білімнен бастау алады. Сондықтан ізденейік, еліміздің жаңа деңгейге көтерілуіне бірге атсалысайық. Тәлімді тәрбие, сапалы білім алу жолында талмай ізденіп, жаңа бастамаларға үн қосуға шақырамын, - деді СДУ Студенттік ұйымдар жетекшісі Арман Төлбасы.

4 курс студенті Қайыпбай Батырбек те жастарды референдумға атсалысуға шақырды.

Конситуцияға енгізілген әрбір өзгерістердің біздің болшағымызға әсері зор. Мен елімнің патриоты ретінде, еліміздің жаңа даму сатысына көтерілуіне атсалысқым келеді. Өзгеріс өзімізден басталады деген ұстанымды ұстана келе, бүгінгі отырысқа белсенді түрде қатыстым. Жиында халқымыздың бүгіні мен ертеңі туралы келелі ой қозғалды. «Жаңа Қазақстан» бізден бастау алады. Халық - елдің жүрегі, тірегі. «Жаңа Қазақстанда» жаңаша өмір қалыптастыруға, референдумның өтуіне әрбіріміз атсалысайық, - деді ол.

Пікірлер