Қырғызстанның Министрлер кабинеті қант экспортына тыйым салды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
"Қырғызстанның Министрлер Кабинеті ел аумағынан құмшекер мен құрақ қантын алты ай мерзімге экспорттауға уақытша тыйым салады", - делінген қаулыда.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, қаулы ел аумағынан қантты жаппай шығару мүмкіндігін болдырмау, Қырғызстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және нарықтағы бағаны тежеу мақсатында әзірленген.