Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты

7303
Adyrna.kz Telegram

Қытай өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«2020 жылдың 19 қазанында Бас прокуратураға Ақжарқын Тұрлыбайдан өзін Қазақстанға ауыстыру туралы хат келді. Сол күні Қытай тарапына тиісті сұраныс жіберілді. ҚХР Әділет министрлігінің 2021 жылғы 3 наурыздағы жауабына сәйкес Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялаудан
бас тартылды, себебі ол шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойына сотталды",-деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Алайда, Қазақстан тарапы әлі де болса отандасымызды ел түрмесіне ауыстырудан үмітті.

"Егер Қытай соты сотталушының жазасын қысқартып, оны өтеудің нақты санын тағайындаса, бұл мүмкін болады", - деп толықтырды ведомство.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер