Павлодарда белгісіз заттан 7 адам уланып, 5-еуі қайтыс болды

5413
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/622a32be-a788-45e1-95cd-e560df93cf94.jpeg
Павлодар облысында 7 адам белгісіз заттан уланып, 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 
 «Барлығы 7 адам зардап шекті. Оның 3-і үйінде қайтыс болды. Қалған 4 адам Ертіс аудандық ауруханасына жеткізілді. Оның ішінде 1 пациент аурухананың қабылдау бөлімінде тағы бір зардап шегуші реанимацияда жан тапсырды. Қазіргі уақытта 1 пациенттің жағдайы ауыр және 1 азамат қалалық №3 ауруханаға ауыстырылды. Ауруханадағы пациенттерге тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - делінген ресми хабарламада.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер