Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түлкібас ауданы әкімінің орынбасарына қатысты іс қозғады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы https://t.me/ulys1 телеграмм каналы жазды.
Аудан әкімі жеңімпаз деп тануға қолдау көрсеткені және мемлекеттік сатып алу шартын жасасқаны үшін құрылыс компаниясының директорынан 4 миллион теңге сомасында делдал арқылы пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Күдікті тұлғалар ұсталып, Түркістан қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Адырна" ұлттық порталы.