Шымкентте ер адам көше ортасында әйеліне қол көтерген

2976
Adyrna.kz Telegram
Фото: azattyq.org
Фото: azattyq.org

Шымкентте ер адам көше ортасында әйеліне қол көтерген. Ер адамға өзге тұрғындар араша түспек болған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Полиция департаментінің мәліметінше, жанжалдасқан ерлі-зайыптылар анықталған. Олар отбасылық жағдайға байланысты ұрсысып, кейін күйеуі әйелін ұрған.

Алайда әйел күйеуіне қатысты қояр ешқандай арыз-шағымы жоқ екенін айтқан. Полиция қызметкерлерімен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, азаматшаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күйеуіне «қорғау нұсқамасы» берілді. Бұндай әрекет қайталанған жағдайда азамат әкімшілік қамауға алынады.

Бейнежазбаны телеграм арнамыздан көре аласыз.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер