Маусым айында бірнеше облыста құрғақшылық болады - синоптиктер

2648
Adyrna.kz Telegram

Қазгидромет 2022 жылдың маусымына арналған құрғақшылықтың алдын ала болжамын жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Маусым айында республиканың басым бөлігінде құрғақшылықтың туындау ықтималдығы төмен, негізінен ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады деп күтілуде.

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында бірқалыпты құрғақшылық, ал Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында қатты құрғақшылық болжанады.

Жамбыл облысының Рысқұлов ауданында, Ақтөбе облысының Ойыл ауданында және Түркістан облысының Сайрам ауданында қолайлы орташа ылғалды жағдай болады деп күтіледі»,– деп түсіндірді мамандар.

Айта кетсек, құрғақшылықтың қарқындылығы мен әсері Қазақстанның әр аймағында әр түрлі көрінеді. Қызылорда және Маңғыстау облыстары агроклиматтық аудандастыруға сәйкес, VIII агроклиматтық аймаққа жатады және құрғақшылыққа ұшыраған өте құрғақ, ыстық аймақ ретінде сипатталады.

Пікірлер