Нұр-Сұлтанда крематорий құрылысы басталды

3628
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтанда зираты бар крематорий құрылысы басталды. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Құрылыс мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүргізілуде»,- деп түсіндірді ведомство.

Крематорийді 2023 жылдың бірінші тоқсанында ашу жоспарланып отыр. Қазір қазандық орнату жұмыстары басталды.

Айта кетейік, құрылыстың құны нақтыланбағанымен, екі жыл бұрын бұл жоба қоғамдық талқылауға түсіп, 1,5 миллиард теңгеден астам қаржыға бағаланған еді.

Пікірлер