Жазушы Торғын Жолдасбекқызы өмірден өтті

3629
Adyrna.kz Telegram
Фото: massaget.kz
Фото: massaget.kz

Белгілі жазушы Торғын Жолдасбекқызы 37 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы фейсбук парақшасында Дәурен Дариябек жазба қалдырды.

"Қараторғай, бақұл бол! Бұрымды қыз артына бұрылмай арғы дүниеге аттаныпты. Қимастық кеудені кеулеп барады. Торғынның тағдыры - адамзатқа өмірдің мәнін ұқтыру болған секілді. Жаннан кешкен жазушы бар болмысымен, шынайы қалпында ғұмыр кешуді үйретіп кетті.

Адам бойындағы қасиет әр түрлі ситуацияда ашылады. Генетикалық аутоиммундық дертке шалдыққан Торғынның миллиардтаған бұлшықет талшықтары күн өткен сайын өліп жатты. Торғын – сол аурудан өмірдің мәнін тапқан жазушының бірі: отбасы болды, радиода авторлық хабарын жүргізді, Facebook пен медиа арқылы елге танылды. Жүруден қалып, арбаға таңылған арудың «Араша» кітабы жарыққа шыққан, жақында фэнтези жанрындағы «Кеш қалма» кітабының тұсауы кесілді. Сол кітапқа редакторлық жасаған едім. Ауру меңдеп, торыққан сәтте түс көруі – оның өмірі мен сана-сезіміне үлкен өзгерістер енгізді... Тағдыр Торғынға қалам сыйлады…", — деп жазды ол.

Торғын Жолдасбекқызы — "Араша" және "Кеш қалма" кітаптарының авторы. Жазушының жүзге жуық шағын әңгімелері түрлі басылымдарда шыққан. Жазушының соңғы шығармалары оның өмір жолындағы естеліктері мен әлеуметтік тақырыптарды қамтиды. Жазушының артында кәмелет жасына толмаған қызы қалды.

"Адырна" ұлттық порталы жазушының отбасына, жақын-жуықтарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер