Қазақстандық әуе компаниялар рейстер кешіксе, өтемақы төлеуге міндетті болады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Zakon.kz"-ке сілтеме жасап.
"Жиі кешігетін жекелеген әуе компаниялары бар. Бұл оларды тәртіпке салады деп үміттенеміз. Рейстің әр кешіккен сағаты үшін жолаушылар билет құнының 3 пайызын алады. Бірақ билет құнынан көп болмайды", — дейді Мәжіліс депутаты Альберт Рау
Бұл түзету Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірінші оқылымда мақұлдаған көлік мәселелері туралы заң жобасына енгізілген.
"Адырна" ұлттық порталы