Шымкенттегі жарылыста қаза болғандар саны үшеуге жетті

3814
Adyrna.kz Telegram
Фото: тengrinews.kz
Фото: тengrinews.kz

Шымкентте жарылыстан қаза тапқандар саны үшеуге жетті. Қаза болғандар ішінде тағы бір жұмысшы бар, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдай ведомствоның бақылауында екенін хабарлады.

"Психологтар тобының жұмысы ұйымдастырылды. Бұдан басқа, Түркістан облысы бойынша жүкті және жаңа туған нәрестелерді бағыттауды ұйымдастыру және өзгерту бойынша жұмыстар шұғыл түрде жүзеге асырылып жатыр. Медициналық қызметкерлер бригадалары ауылда перинаталдық көмек көрсету үшін аудандық ауруханаларға жіберіледі, өйткені №1 ОПО 3-ші деңгейдегі функцияларды орындады және облыстың 7 ауданынан жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерді емдеуге жатқызумен айналысты. Зардап шеккендерге А.Сызғанов атындағы ҰҒО хирургия дәрігерлері консультация жасап жатыр",- деді Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жарылыстан кейін тағы бір адам қаза болған. Ол да жұмысшы екен.

Еске салайық, бүгін таңертең Шымкенттегі перзентханасының маңында орналасқан ауруханааралық дәріхана жарылды. Шымкент полициясы жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер