Нығматулиннің ұлы қызметінен кетті

6049
Adyrna.kz Telegram

Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұржан Нұрланов «ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясының бас директоры қызметінен кетіп, оның орнына Ильдар Шамсутдинов тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы https://t.me/dalainside телеграмм каналы жазды.

Нұржан Нұрланов бұл қызметке 2019 жылдың ақпан айында тағайындалған болатын. Қаңтар оқиғасынан кейін оның әкесі Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы қызметінен кетті.
Аталымыш компания 2014 жылы құрылған болатын. Үкіметтің Қауылысымен «ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясы ҚР Қорғаныс министрлігіне, ҚР ҰҚК Шекара қызметіне, Ұлттық гвардияға және Төтенше жағдайлар министрлігіне қажетті бензин, дизель отыны, мазут және авиа жанармай жеткізетін бірден-бір компания болып бекітілген-ді.
Яғни, «ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясы өздерінің өнімін кімдерге сатамыз деп бас ауыртқан емес. Мұнай өңдеу зауыттарынан қажетті жанармайды алып, сатып алушыға еш қиналмай жеткізіп береді.
Қазіргі таңда әр облыста жанар-жағармай жеткізу ісімен айналысатын шағын компаниялар бар. «ҚазМұнайГаз-Аэро» сынды компаниялар оларды тұншықтырып отырғаны жасырын емес.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер