Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Ол бұған дейін атқарған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
”Адырна” ұлттық порталы