«Ресей -  фашистік мемлекет» - Снайдер

2487
Adyrna.kz Telegram
Фото: www.radiotavisupleba.ge
Фото: www.radiotavisupleba.ge

The New York Times газеті Йель университетінің профессоры және белгілі тарихшы Тимоти Снайдердің "Ресей -  фашистік мемлекет" деп айтылуы қажет" деген мақаласын жариялады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Мақалада фашизм Еуропаның көп елінде әртүрлі уақытта және әртүрлі ауқымда болғанын айта келе,  Ресей -  нағыз фашистік, жойқын соғыс жүргізіп жатыр дейді.

Тарихшылардың пікірінше, бүгінгі Ресей фашизм критерийлеріне сәйкес келеді. Олар:

— Бір көшбасшыға табыну (Владимир Путин)

- Ұлы нәрсе үшін өлгендерге табыну (Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс);

— Империяның бұрынғы ұлылығы туралы миф және осы ұлылықты қайтаруға ұмтылу;

- Күшті үгіт-насихат машинасы;

- Көрнекі белгілер меншік белгісі ретінде (Z және V);

- Көшбасшыны қолдауға арналған бұқаралық шаралар;

— Адамдардың белгілі бір тобына қатысты өшпенділік.

"Гитлерлік Германия мен Путиндік Ресейдің ұқсастығы таң қалдырады", - деп жазады Снайдер.

Сондай-ақ, Снайдердің айтуынша Ресей президенті үшін украиндықтар нацист. Өйткені олар өздерін орыс деп танымайды және қарсылық көрсетуге батылы барады.  Украинаны жою жоспарына қарсы шыққан кез келген адам нацизм мен фашизмнің сыбайласы болып саналады.

"Жағдайдан шығудың бір ғана жолы бар. Фашистерді көсемін жеңу керек - ақырғы деміне дейін", -  деп жазады Снайдер.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер