Жақсыбек Құлекеев: "Елбасы" деп Тоқаевты да айту керек"

3570
Adyrna.kz Telegram
Фото: newsroom.kz
Фото: newsroom.kz

 Қазақстанның бұрынғы Экономика, Білім және ғылым министрі болған, "ҚТЖ", "ҚазМұнайГаз" сияқты ірі ұлттық компанияларда басшылық қызмет атқарған, 2008 жылы "қызметін асыра пайдаланды" деген айыппен сотталған саясаткер Жақсыбек Құлекеев "Елбасы" атауын Тоқаевқа да қолдану керектігін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "nege.kz"-ке сілтеме жасап.

 "Елбасы" сөзін Назарбаевқа ғана қолдану — қателік. Бұл – Президент деген сөздің қазақша баламасы. Түріктерде "Ülkenin başı" деген сөз бар, барлық Президентке сол сөзді қолданады. Сондықтан "Елбасы" деп Тоқаевты да айту керек. Қазақтың төл сөзі болғандықтан, келешек Президенттерімізді де солай атаған дұрыс", — деді ол.

Өз сөзінде саясаткер Тоқаевтың бастамаларын қолдайтынын, референдумның арқасында алдағы уақытта елімізде Елбасы тұсындағыдай саяси қателіктер болмайтынын атап өтті.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер