Тоқаев Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

4215
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/aece4191-0cf2-47e6-bc28-c721820124b7.jpeg
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Қырғызстан Президенті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық және Қазақстан халқының игілігі жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
«Әңгімелесу барысында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігінің даму перспективалары талқыланды. Осы ретте Қазақстан Президентінің Қырғызстанға жоспарланған ресми сапарына ерекше назар аударылды», – делінген хабарламада.
Президенттер алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздердің екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді.
Пікірлер