Қазақстан Орталық Азия елдерінен келген студенттерге жаңа шәкіртақы мен квота бөледі

2942
Adyrna.kz Telegram
Фото: Facebook
Фото: Facebook

Қазақстан әл-Фараби атындағы жаңа шәкіртақыны іске қосып, Орталық Азия елдерінен келген студенттерге квота бөледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасына жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Біз әл-Фараби атындағы стипендиялық бағдарламаны іске қосып, Орталық Азия елдерінің азаматтарына квота бөлуге дайынбыз. Бүгін біз Қазақстанда BFUG өкілдігін ашу мәселесін көтердік. Бұл Еуропа мен Орталық Азия елдері арасындағы жоғары білім және Болон үдерісі қағидаттарын аймақта тарату саласындағы әріптестікті нығайтады», - деп жазды министр Facebook-те.

Еске салайық, жаңа стипендиялық бағдарлама құру бастамасы министрлік өкілдері, сондай-ақ Орталық Азия елдерінен 133 ЖОО ректоры қатысқан университет ректорларының форумы барысында айтылды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер