Жапония Ресейге қарсы жаңа санкциялар тізімін жариялады

2565
Adyrna.kz Telegram

Жапония Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұл тізімге 130-дан астам адам кірді, оның ішінде Ресей премьер-Министрі Михаил Мишустин, Ресей Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары Рашид Нұрғалиев, КХДР және ЛПР басшылығы бар.

Шектеу шаралары активтерді тоқтатуды көздейді.

Сондай-ақ, «Алмаз-Антей» және «Тактикалық зымырандық қарулар корпорациясы» сынды 70 ресейлік компания да санкцияға ұшырады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер