Атырауда жоғалып кеткен 11 адам табылды

7963
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/dfc0b342-fd05-437e-81c9-8b3cba3c520f.jpeg
Атырау облысы Исатай ауданында жоғалып кеткен 11 адам табылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«УАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен 10 жолаушы 8 мамыр күні «Ақмандай» учаскесіне бару үшін жолға шыққан. Бір топ адам ауа райының қолайсыздығына байланысты адасып кеткен.
Құтқарушылар оларды Жасқайрат ауылынан шамамен 85 шақырым қашықтықтан тапты. Зардап шеккендер жоқ. Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында 11 азаматтың жоғалғаны туралы хабарлаған едік.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер