Шығыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болып, алты адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық ПД мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қайғылы оқиға 8 мамыр күні Жарма ауданы, Шар қаласының маңында Омбы–Майқапшағай республикалық тасжолында болған.
«Ssang Yong Actyon» маркалы автокөлік жүргізушісі рөлді басқара алмай қалып, қарсы бағытта келе жатқан «Ваз-21014» көлігімен бетпе-бет соқтығысты. Апат салдарынан «Ваз-21014» көлігінің 33 жастағы жүргізушісі мен 5 жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті. Ал «Ssang Yong Actyon» көлігіндегі 35 жастағы жүргізуші мен кәмелетке толмаған үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Адырна» ұлттық порталы