«Арандатушылыққа ермеуге шақырамыз»: Елорда әкімдігі үндеу жасады

4747
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан әкімдігі «Барыс-Аренада» өнер жұлдыздарының қатысуымен ұйымдастырылатын концерттің болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Концерт жоспарланған жоқ және өтпейді. «БАРЫС АРЕНА» ғимаратының басшылығы, оның ішінде елорданың MTEXmanagement спорттық-мәдени нысандарын басқаратын компания да қала тұрғындарына концертті өткізу шындыққа жанаспайтынын айтты. Ұйымдастырушы Марат Әбиев концертті өткізуден бас тарту туралы ресми хабарламаға қарамастан, тұрғындарды алдап концертке шақыруды жалғастырып жатыр. Осылайша адамдарды шатастырып әлек.Қала тұрғындарын арандатушылыққа ермеуге шақырамыз. Заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылған»,– делінген хабарламада.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер