Желіде Каспийге қара сұйықтық ағып жатқан видео тарады , деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Lada.kz-тің хабарлауынша, теңізге қара сұйықтық ағып жатқан құбыр "Достар" жағажайы мен "Keppel-Kazakhstan" ЖШС арасында орналасқан.
Кадрлардан қанық қара түсті сұйықтық құбырдан күшті қысыммен ағып жатқанын көруге болады.
Әзірге Маңғыстау облысының Экология департаменті жағдайға қатысты пікір білдірмеген.
"Адырна" ұлттық порталы.